🍑 Қарапайым тауық етін 20 минутта мейрамхана деңгейіндегі тағамға айналдырамыз!

Tefal мерейтойына орай B&G мейрамханасы және бас аспаз Бертран Герьемен бірге француз асханасына арналған гастрономиялық саяхатымызды жалғастырамыз ❤️ Бүгін қытырлақ тауық еті, карамельденген нектарин және нектариннен дайындалған айолиді әзірлейміз.

2–3 порцияға арналған ингредиенттер: 2 дана тауық төс еті (шамамен 500 г), тұз, бұрыш, ұн, паприка, 2 жұмыртқа, кептірілген нан үгіндісі, күнжіт, 5-6 нектарин, 30 г қант, қызыл бұрыш, 1 ас қасық кілегей, 1 түйір сарымсақ, лимон шырыны, шрирача тұздығы, жаңа кинза.
Дайындау тәсілі: тауық филесін жұқа тілімдерге бөліп, дәмдеуіштермен дәмдеңіз. Ұн мен дәмдеуіштер қоспасына аунатып, жұмыртқаға малып, кейін күнжіт қосылған нан үгіндісімен жабыңыз. Infra-heat технологиясы бар Tefal аэрогрилінде 180°C температурада шамамен 8 минут, алтын түсті қытырлақ қабықша пайда болғанша пісіріңіз.

Нектариндерді екіге бөліп, қант, тұз және қызыл бұрыш қоспасымен жабыңыз. Аэрогрильде 180°C температурада 5 минут жұмсап,карамельденгенше дайындаңыз.
Айоли үшін піскен нектариннің 2–3 бөлігін кілегей, сарымсақ, лимон шырыны, шрирача және кинзамен бірге блендерде біртекті масса болғанша араластырыңыз.
Тауық етін карамельденген нектарин және нектарин айолисімен бірге ұсыныңыз.
__________________

🍑 Превращаем обычную курицу в ресторанное блюдо за 20 минут!

В честь юбилея Tefal продолжаем гастрономическое путешествие по французской кухне вместе с рестораном B&G и шеф-поваром Бертраном Герье ❤️ Готовим хрустящего цыпленка с карамелизированными нектаринами и нектариновым айоли.

Ингредиенты на 2–3 порции: 2 куриные грудки, 500 г, соль, перец, мука, паприка, соль, перец, 2 яйца, панировочные сухари, кунжут, 5-6 нектарина, 30 г сахара, красный перец, соль, перец, 1 ст. ложка сливок, 1 зубчик чеснока, лимонный сок, шрирача, свежая кинза.
Как готовим: филе курицы нарезанное слайсами, приправьте, обваляйте в муке со специями, окуните в яйцо и покройте панировочными сухарями с кунжутом. Готовьте в Аэрогриле Tefal с технологией Infra-heat при 180°C около 8 минут — до золотистой хрустящей корочки.

Нектарины разрежьте пополам, покройте смесью сахара, соли, красного перца и специй. Готовьте в аэрогриле 5 минут при 180°C до мягкости и карамелизации.
Для айоли измельчите погружным блендером 2-3 половинки запеченных нектарин со сливками, чесноком, солью, лимонным соком, шрирачей и кинзой.
Подавайте курицу с карамелизированными нектаринами и ложкой нектаринового айоли.

KAYNAK

Tarifi Paylaş

Yorum yapın

Benzer Tarifler